Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет
«AQJAIYQ» ӘКК» АҚ клиенттеріне!
ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес "aqjaiyq "ӘКК" АҚ-да (бұдан әрі-қоғам) 2023 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құрылды.
Қоғамда комплаенс-қызмет туралы Ережеге сәйкес ақпараттандыру арналары жұмыс істейді, олар арқылы азаматтар мен клиенттер сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік, этикаға жат мінез-құлық фактілері не ықтимал мүмкіндігі туралы мәліметтерді хабарлай алады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізе алады. Тиісті ақпаратты қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне келесі байланыс арналары арқылы жіберуді сұраймыз: