БҚО индустриялық аймақтары

БҚО индустриялық аймақтары

2020 жылы Батыс Қазақстан облысындажалпыауданы 281 гектардықұрайтын«Евразия» ТСО» индустриялықаймағықұрылды. Индустриялықаймақтыңмекенжайы: БҚО, Теректіауданы, Пойма ауылы. 2025 жылы800 гектар аумақтықамтитын «Сырым» индустриалықаймағықұрылды. Бұлиндустриялықаймақ Орал қаласынан 7 шақырымжерде, республикалықмаңызы бар Самара–Шымкент трассасыбойында, РесейФедерациясыменшекарадағы «Сырым» халықаралықөткізупунктінен 47 шақырымқашықтықтаорналасқан. Басқарушы компания – «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ.


Индустриалды аймаққа қалай қатысуға болады?

Өтінім беру
1
  • Индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясынан («Aqjaiyq» ӘКК) қажетті құжаттар тізімін алу қажет.
  • Басқарушы компанияға құжаттарды жіберу (тізім бойынша).
  • Басқарушы компания құжаттарды (3 (үш) жұмыс күні ішінде) тексереді.
  • Басқарушы компания құжаттарды (тізім бойынша) БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық–инновациялық даму басқармасына жібереді.
Комиссия
2
  • БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық–инновациялық даму басқармасы құжаттарды (тізім бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде) тексереді.
  • Инвестор инвестициялық жобаны БҚО Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында таныстырады.
Шарт
3
  • Өңірлік-үйлестіру кеңесінің хаттамасын (мақұлдауын) алғаннан кейін «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ жер учаскесін ресімдеуге кіріседі.
  • Қатысушы БҚО Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімінен кейін Индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясымен («Aqjaiyq» ӘКК) индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа 10 (он) жұмыс күні ішінде қол қояды.
  • Қатысушы жер учаскесі ресімделгеннен кейін индустриялық аймақ аумағында орналасқан, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін қайталама жер пайдалану (субаренда) туралы шартқа Индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясымен («Aqjaiyq» ӘКК) қол қояды.

Құжаттар