Бос орындар
«Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ
келесі бос лауазымға конкурстық іріктеу жариялайды:
«Ауыл аманаты» жобаларын несиелендіру басқармасының менеджері – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары: жоғары заң, экономика/қаржы білімі (қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит) және шағын мен орта бизнесті несиелендіру саласындағы қаржы ұйымдарында/екінші деңгейлі банктерде мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі.
Талаптар:
«Ауыл аманаты» жобаларын несиелендіру басқармасының менеджері тиіс:
- өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуге;
- сараптамалық қорытынды жасай білу және жоба бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу;
- деректерді қарқынды, ауқымды жинау мен талдауды жүргізу қабілеті мен дағдыларына ие болу;
- тиімді презентация және іскерлік қарым-қатынас жүргізу қабілетіне ие болу;
- клиенттердің шағымдары мен өтініштерімен жұмыс істей білу;
- іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтауға міндетті.
Дағдылар:
- компьютерлік техниканы және коммуникациялардың техникалық құралдарын меңгеруге;
- нормативтік-құқықтық актілердің электрондық базаларын меңгеруге;
- іскерлік қарым-қатынас этикасын, корпоративтік киім нысаны қағидаларын сақтауға міндетті;
- заңды және жеке тұлғалармен келіссөздер жүргізу, іскерлік байланыстар орнату дағдыларына ие болуға міндетті.
Кәсіби қасиеттері:
Қарым-қатынаста ашықтық, зейінділік, мақсаткерлік, құрылымдық және аналитикалық ойлау, байқағыштық, бастамашылдық, жақсы есте сақтау қабілеті.
Егер сіз біздің командада жұмыс істеуге дайын болсаңыз — түйіндемеңізді 2026 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей келесі электрондық поштаға жіберіңіз:
info@aqjaiyq-spk.kz