2026 жылдың 23 қыркүйегінде «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-ның Комплаенс және сатып алуды бақылау қызметінің басшысы О. Бисеновтың бастамасымен Қоғам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мәселелері бойынша кезекті жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды қатаң сақтау бойынша міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» қағидатын сақтау және қызметтік міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу қажеттілігі түсіндірілді.