«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-да ISO 37001 халықаралық стандартына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» енгізілген болатын.
Осыған байланысты Басқарма төрағасының қатысуымен стандарт талаптарын іске асыру аясында Қоғам қызметкерлеріне арналған кезекті ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Кездесу барысында Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі қағидалары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу тетіктері, сондай-ақ әрбір қызметкердің адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын қамтамасыз етудегі жеке үлесінің маңыздылығы қарастырылды.
ISO 37001 стандартын енгізу корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін дамытуға, комплаенс мәдениетін нығайтуға және серіктестер, инвесторлар мен қоғам тарапынан сенімді арттыруға ықпал етеді.
Осы бағыттағы жүйелі жұмыс «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-ның жоғары іскерлік әдеп стандарттарына және тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінен және күнделікті қызметінде заңдылық пен адалдық қағидаттарын ұстануынан басталады.
