2024 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмұхамбетұлы Төребаев Батыс Қазақстан облысына іссапармен келді. Іскерлік кездесу барысында «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Досмақов Е. Н. Батыс Қазақстан облысының индустриялық аймағымен таныстырды.

Бұл бағытқа 4 инвестор тартылған, сыртқы инфрақұрылымға қаражат бөлініп, газ бен су жүргізілді. Ішкі инфрақұрылым бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, сараптамадан кейін қаражат бөлінеді, 2025 жылы жарық орнату, жол салу жұмыстары жүргізілетін болады.

«CTT Eurasia» индустриялық аймағының қатысушыларының бірі болып табылатын «KAZKOMSERVICE» ЖШС-нің асфальт-бетон зауытының құрылысының барысы да көрсетілді. Қазіргі уақытта зауыттың құрылысы аяқталу кезеңінде. Бұл зауыттың құрылысына 2023 жылы индустриялық аймақ «ЦТТ «Еуразия» аумағынан 50 гектар жер учаскесі бөлінген. Өндірістің қуаттылығы – сағатына 240 тонна. Жобаның 2-кезеңін іске асыру мақсатында сыйымдылығы 4 мың тонна болатын битум қоймасын салу үшін инвестициялар тарту жоспарлануда.