«СПК «Aqjaiyq» АҚ-да қызметкерлер арасында келесі бағыттар бойынша жоспарлы оқыту іс-шарасы және түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

  • антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2024 жылғы 1 мамырдағы өзгерістерді қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы бойынша;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық және мәдениет қағидалары, мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелері бойынша;
  • «СПК «Aqjaiyq» АҚ-да ISO 37001 халықаралық стандартын енгізуге байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ішкі рәсімдерімен таныстыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсаттар, құжатталған ақпаратты басқару, жоспарлау, іс қағаздарын жүргізу және 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бағдарламасына сәйкес контекст.