Құжаттарды қабылдау кезеңі: 2025 жылғы 06 ақпаннан бастап

Үміткерлер: агроөнеркәсіп кешенінде қызмет жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

Мақсатты бағыт – жаңадан құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту:

  1. сүт-тауар фермалары (қуаттылығы 400 бастан бастап);
  2. ет бағытындағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс еті);
  3. етті мал шаруашылығы кәсіпорындары (5000 бастан бастап);
  4. көкөніс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);
  5. жеміс сақтау қоймалары (1000 тоннадан бастап);
  6. өнеркәсіптік жылыжай кешендері;
  7. ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындары, оның ішінде жүн және тері;
  8. жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық өндіретін балық өсіру шаруашылықтары;
  9. қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан бастап балықты бөлшектеу, терең қайта өңдеу және сақтау кәсіпорындары;
  10. осы Қағидалар шеңберінде АӨК саласындағы жобалар бойынша орау материалдарын өндіру кәсіпорындары;
  11. құс шаруашылығындағы асыл тұқымды репродукторлар;
  12. қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (жауындатып суару, тамшылатып суару) қолдана отырып суармалы егіншілік (картоп және көкөніс, мал азығы өндірісі).

Кепілдік қамтамасыз ету: жылжымайтын және жылжымалы мүлік

Кредит беру шарттары:

Кредит валютасытеңге
Кредит мерзімі10 (он) жылға дейін
Кредиттің максималды сомасы5 (бес) миллиард теңгеден аспайды
Сыйақының номиналды мөлшерлемесіжылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды
Негізгі борышты өтеутең үлестермен,
жылына кемінде 1 рет
Кредит бойынша сыйақыны төлеужылына кемінде 1 рет
Өтеу бойынша жеңілдікті кезең:
негізгі борыш24 айға дейін
кредит бойынша сыйақы12 айға дейін

Потенциалды жобалар мен қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын импортты алмастыруды ескере отырып, салалық орындылығы;
  • аймақ халқын сапалы және қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету;
  • уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
  • үміткердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, немесе кәсіпорын басшысының осы салада кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілінің болуы;
  • кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешектің болмауы;
  • берік жемшөп базасын қалыптастыру үшін қажетті ауыл шаруашылығы алқаптарының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуы.