«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ 2026-2027 жылғымаусымаралық кезеңді қамту мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат)форвардтық сатып алу шеңберінде қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау басталды.
Өтінім беру: Кәсіпкерлік субъектісі қаржыландыруға өтінімді АО «СПК «Aqjaiyq» ұсынады, ҚаржыландырылушыБҚО азық-түлік тұрақтандыру қорының басқару комиссиясы тарапынан кәсіпкерлік субъектілерге қойылатын талаптар (критерийлер) бойынша анықталады;
Кепілдік: Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету кепілдік (жылжымайтын мүлік), банк кепілдігі, сақтандыру шарты түрінде беріледі. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету жазбаша түрде, заңнамада көзделген тәртіппен рәсімделеді.
Кәсіпкерлік субъектілерге қойылатын талаптар (критерийлер):
Кәсіпкерлік субъектілерінің сауда-логистикалық инфрақұрылымға (сақтау қоймалары, арнайы жабдықталған бөлмелер және т.б.) ие болуы, бұл азық-түлік тауарларын тиісті сақтау және сатып алу және басқа операцияларды орындауға арналған, сонымен қатар әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған кешенді шараларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
Банк өнімдері бойынша мерзімі өткен қарыздың болмауы (несиелер, лизингтер, есепшоттарды жүргізу бойынша қарыздар);
Мемлекеттік сатып алулар бойынша адал емес жеткізушілер тізімінде болмауы және арнайы ұйым алдында орындалмаған немесе уақытында орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
Өтінімдерді Комиссия қарауына тек арнайы ұйымның барлық несиелік тарихты және кепілдік мүліктің болуын толық талдау жасағаннан кейін оң шешім қабылдағаннан кейін жіберу.
Өтінімдер 2026жылғы 27ақпанғадейінқабылданады, мекен-жайы: Уральск қ., Исатай-Махамбет көш., 84, 2 қабат, АО «СПК «Aqjaiyq»
Электрондықпошта: info@aqjaiyq-spk.kz