Өтінім беру: Кәсіпкерлік субъектісінің несие алу өтінімі «СПК «Aqjaiyq» АҚ-ына тапсырылуы тиіс, өтінімдер 2025 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады. Алушы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі Комиссиямен кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (критерийлер) бойынша айқындалады;

Қамтамасыз ету: Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету: кепіл (жылжымайтын мүлік), банктік кепілдік, сақтандыру шарты түрінде ұсынылады. Міндеттемелерді қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша түрде рәсімделеді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (критерийлер):

  1. кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тиісті сақтау, оларды сатып алу және басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін арналған, сондай-ақ бағаны ұстап тұруға бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымының (қоймалар, арнайы жабдықталған орындар және т.б.) болуы;
  2. банктік өнімдер бойынша (несиелер, лизинг, банктік шоттарды қызмет көрсету бойынша берешек) мерзімі өткен берешектің болмауы;
  3. мемлекеттік сатып алулардың адал емес қатысушылары тізілімінде тұрмауы және мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған және (немесе) уақтылы орындалмаған міндеттемелерінің болмауы;
  4. өтінімдерді Комиссияның қарауына тек мамандандырылған ұйымның барлық кредиттік тарихына және кепіл мүлкінің болуына толық талдау жүргізілген оң шешімі болғаннан кейін ғана шығару.