"Aqjaiyq" ӘКК " АҚ сиырок (алдыңғы-қалақша бөлігі) жеткізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыруға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Жеткізушілерге қойылатын талаптар:
- Кәсіпкерлік субъектілерінің азық-түлік тауарларын тиісінше сақтау және олармен сатып алу мен өзге де операцияларды жүргізу үшін арналған сауда-логистикалық инфрақұрылымының (қойма орындары, арнайы жабдықталған үй-жайлар және т.б.) болуы. Аталған инфрақұрылым әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс;
- Банк өнімдері бойынша (кредиттер, лизингтер, есепшоттарды жүргізу бойынша берешектер) мерзімі өткен берешектің болмауы;
- Мемлекеттік сатып алудың адал емес жеткізушілер тізілімінде болмауы және уәкілетті ұйым алдында орындалмаған және/немесе уақытылы орындалмаған міндеттемелерінің болмауы;
- Өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуы тиіс;
- Ірі қара малдың және жер учаскелерінің бар екендігін растайтын құжаттың болуы.
Қарыз алуға өтінімдер 2025 жылдың 21 сәуіріне дейін «SPK «Aqjaiyq» АҚ-да қабылданады. Мекенжайы: Орал қ., Исатаи–Махамбет көшесі, 84-үй, 2-қабат.