Осы арқылы Батыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу» мемлекеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде төмендегі инвестициялық жобалар бойынша әлеуетті инвесторларды іріктеу жөнінде конкурс жариялайды (бюджеттік кредит бойынша берешекті аудару арқылы):

  • «RINGO Milk» ЖШСсүт–тауар фермасын (бұдан әрі – СТФ) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Инвестиция көлемі 7,3 млрд теңгені құрайтын жобаны өзін-өзі ақтау деңгейіне шығару қажет. Ол үшін сауын сиырлар санын кемінде 1000 басқа дейін ұлғайтып, жылдық сүт өндіру көлемін 9 мың тоннаға жеткізу қажет.
    • Көрсеткіштер

    Саны

    СТФ жобалық қуаттылығы

    1 340 бас ІҚМ

    Ғимараттардың жалпы ауданы (сиыр қораларын қоса алғанда)

    29 942 ш.м.

    ІҚМ нақты саны

    458 (голштин тұқымы), оның ішінде:  

    • 2 жастан асқан аналық мал – 381 бас,
    • 2 жасқа дейінгі аналық мал – 69 бас,
    • 1 жасқа дейінгі бұқашықтар – 8 бас

    Оның ішінде сауын табыны

    220 бас

    Ауыл шаруашылығы жерлері

    7 207 га

     оның ішінде суармалы:

    1 000 га

    Ауыл шаруашылығы техникасы

    67 бірлік

    оның ішінде жаңбырлатқыш машиналар

    5 бірлік



    Қаржы институттары алдындағы жалпы берешек, оның ішінде

    7 364 649 мын тенге

    «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ

    4 701 666 мын тенге

    «Aqjayiq» ӘКК АҚ

    2 640 225 мын тенге

    «ҚАҚ» АҚ

    22 758 мын тенге

    Іріктеу критерийлері:

    1. Инвестиция көлемі – кемінде 500 000 000 теңге;
    2. Кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
    3. Түпкі бенефициарлардың кепілдіктері.


    • «Baystone» ЖШС – 7 мың тонна сыйымдылығы бар көкөніс сақтау қоймасының құрылысын аяқтап, пайдалануға беру, сондай-ақ картоп пен көкөніс өсіруге арналған мүліктік кешенді сауықтыру. Жобаны 3,3 млрд теңге көлемінде өзін-өзі ақтау деңгейіне шығару қажет. Ол үшін егіс (суармалы) алқаптарын 500 гектарға дейін ұлғайту қажет.
  • Көрсеткіштер

    Саны

    Көкөніс қоймасы

    - камералық сақтау – 2 000 тонна

    - үйінді сақтау – 4 000 тонна

    - аяқталмаған құрылыс – 7 000 тонна

    Ауыл шаруашылығы жерлері

    1 000 га

    оның ішінде суармалы

    237 га

    Ауыл шаруашылығы техникасы

    39 бірлік

    оның ішінде жаңбырлатқыш машиналар

    146 га арналған 2 бірлік

    тамшылатып суару жүйесі

    91 га

    Қаржы институттары алдындағы жалпы берешек, оның ішінде

    4 062 900 мын тенге

    «Aqjayiq» ӘКК АҚ

    1 893 600 мын тенге

        «Каспий» ӘКК АҚ

    315 100 мын тенге

    «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ

    762 100 мын тенге

    «Қазталовка» КТ

    742 200 мын тенге

    «ҚАҚ» АҚ

    349 900 мын тенге

    Іріктеу критерийлері:

    • Инвестиция көлемі – кемінде 500 000 000 теңге;
    • Кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
    • Түпкі бенефициарлардың кепілдіктері.