Өтінім беру: 

Кәсіпкерлік субъектісінің қаржыландыруға өтінімі «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ-қа ұсынылады, өтінімдер 2025 жылғы 20 наурызға дейін қабылданады. Алушы БҚО әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорының басқару жөніндегі комиссиясымен кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерийлерге) сәйкес айқындалады;

Қамтамасыз ету: 

Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету келесі түрде ұсынылады: кепіл (жылжымайтын мүлік), банктік кепілдік, сақтандыру шарты. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада белгіленген жазбаша түрде ресімделеді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (критерийлер):

  • кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тиісті сақтау, сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған сауда-логистикалық инфрақұрылымының (қойма құрылыстары, арнайы жабдықталған үй-жайлар және басқалары) болуы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз ету мүмкіндігі;
  • банктік өнімдер бойынша (кредиттер, лизингтер, есепшоттарды қызмет көрсету бойынша берешектер) мерзімі өткен берешектің болмауы;
  • мемлекеттік сатып алулар бойынша адал емес жеткізушілер тізілімінде тұрмауы және мамандандырылған ұйым алдындағы орындалмаған және (немесе) уақытылы орындалмаған міндеттемелерінің болмауы;
  • өтінімдерді Комиссия қарауына шығару тек мамандандырылған ұйымның барлық кредиттік тарихы мен кепіл мүлкінің болуына толық талдау жүргізе отырып оң шешім қабылдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.