«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен кредиттік желіні ашу туралы негіздемелік келісім жасасуды және оның шеңберінде «Агробизнес Мал шаруашылығы» бағдарламасының «Игілік», «Береке» бағыттары, сондай-ақ «Агробизнес» бағдарламасының «Өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыру» бағыты бойынша қарыз шарттарын жасасуды жоспарлап отыр.
Мәміленің атауы:
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен кредиттік желіні ашу туралы негіздемелік келісім және оның шеңберінде жасалатын қарыз шарттары.
Қаржыландырудың мақсаты:
«Агробизнес Мал шаруашылығы» бағдарламасының «Игілік», «Береке» бағыттары, сондай-ақ «Агробизнес» бағдарламасының «Өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыру» бағыты шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кейіннен кредиттеу.
Мәміленің негізгі талаптары:
Көрсеткіш | Мәні |
Қаржыландыру сомасы | 26 000 000 000 теңгеге дейін |
Кредитор | «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ |
Сыйақы мөлшерлемесі | «Игілік» және «Береке» бағыттары бойынша – жылдық 3%; «Өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыру» бағыты бойынша – жылдық 1,5% |
Қаржыландыру мерзімі | «Агробизнес Мал шаруашылығы» бағдарламасы («Игілік», «Береке») бойынша – 108 айға дейін; «Агробизнес» бағдарламасы («Өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыру») бойынша – 36 айға дейін |
Қаржыландыру нысаны | Кредиттік желіні ашу туралы негіздемелік келісім және оның шеңберінде жасалатын қарыз шарттары |
Қамтамасыз ету | Бланктік қаржыландыру (кепілсіз және өзге де мүліктік қамтамасыз етусіз) |
Аталған мәмілені жасасуды келісу туралы шешім «Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 53-бабының 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 15 шілдедегі №12 хаттамасымен қабылданды.
Мәмілені іске асыру агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің жеңілдікті қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге, мал шаруашылығын және өңдеу кәсіпорындарын қолдауға, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған.