«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен кредиттік желіні ашу туралы Негіздемелік келісім және одан туындайтын қарыз шарттарын келесі талаптармен жасасу жоспарлануда:

Атауы:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен кредиттік желіні ашу туралы Негіздемелік келісім.

Қаржыландыру мақсаты:

«Кең Дала 2» бағдарламасы шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыруға, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатып алуды аванстауға қаржыландыру.

Мәміленің негізгі талаптары:

Көрсеткіш

Мәні

Қаржыландыру сомасы

10 000 000 000 теңге

Сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық 1,5%

Қаржыландыру мерзімі

36 ай

Кредитор

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

Қамтамасыз ету

Бланктік қаржыландыру (қамтамасыз етусіз)


Аталған мәмілені жасау туралы шешім «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесімен мақұлданды.


Мәмілені іске асыру Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қаржыландыру көлемін кеңейтуге, жеңілдетілген кредиттеудің қолжетімділігін арттыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға бағытталған.