Кәсіпкерлік субъектілерінде азық-түлік тауарларын тиісті деңгейде сақтауға, сондай-ақ сатып алу және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған сауда-логистикалық инфрақұрылымның (қойма үй-жайлары, арнайы жабдықталған үй-жайлар және т.б.) болуы. Инфрақұрылым әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Банк өнімдері бойынша (кредиттер, лизинг, есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету бойынша берешектер) мерзімі өткен берешектің болмауы.

Мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз өнім берушілердің тізілімінде болмауы және мамандандырылған ұйым алдындағы орындалмаған және/немесе уақтылы орындалмаған міндеттемелерінің болмауы.

Өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын азық-түлік тауарлары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Майлылығы 2,5% сүтті өндіру және жеткізу мүмкіндігін растайтын құжаттарды ұсыну (оның ішінде өндірістік қуаттардың, технологиялық жабдықтардың және т.б. болуы).

Қарыз алуға өтінімдер 2024 жылғы 1 тамызға дейін «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-да мына мекенжай бойынша қабылданады: Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі, 84-үй, 2-қабат.

Электрондық пошта: info@aqjaiyq-spk.kz