Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен бизнестің келіссөз жүргізу күшін арттыру мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым. Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес өкілдерінің мүдделерін білдіреді, оның қызметі ішкі және сыртқы сауданы қоса алғанда, кәсіпкерліктің барлық салаларын қамтиды. «Атамекеннің» негізгі міндеті – бизнес құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларды қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлердің кеңінен қатысуын қамтамасыз ету. Палата қызметі елдегі бизнес пен инвестициялық климатты жақсартуға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге, ұлттық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

ҰКП функциялары:

  • Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау;
  • Бизнес жүргізу жағдайларына және өңірлердегі кәсіпкерлік белсенділікке қоғамдық мониторинг жүргізу;
  • Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;
  • Ішкі өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті қамту үлесін арттыру;
  • Кадрларды оқыту, қайта даярлау, біліктілікті арттыру, аттестаттау және сертификаттау, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту;
  • Бизнес субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
  • Инвестициялар тарту және экономиканы әртараптандыру.

Сонымен қатар, Ұлттық палата қазақстандық бизнестің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысуын қолдайды. Бизнес қауымдастығының мүдделерін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда қорғайды, шетелдік бизнес құрылымдарымен байланыстарды кеңейтеді және нығайтады, сондай-ақ интеграциялық процестер аясында қазақстандық бизнесті қолдайды.