Құзыреттілікті дамыту және инвестиция тарту:
- Жаңа сапа стандартын әзірлеуге және енгізуге қатысу;
- Жаңа туристік өнімдерді жасау және қолданыстағыларын жетілдіруді ынталандыру;
- Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
- «Якорь» жобаларына бірге инвестиция салу.
Туризм саласын цифрландыру:
- Туризм саласындағы түрлі процестерді автоматтандыру үшін жүйе әзірлеу;
- Дестинацияның туристер үшін цифрландыру тұрғысынан тартымдылығын арттыратын жобаларды жүзеге асыру.
Ақпараттық-талдамалық қолдау:
- Зерттеу және талдау жүргізу;
- Туристік дестинацияларды дамыту мастер-жоспарларын әзірлеуге қатысу;
- Туризмдегі үрдістерді тұрақты негізде мониторингтеу.
Маркетинг және ілгерілету:
- Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілету стратегиясын қалыптастыру және іске асыру;
- Қазақстанның туристік әлеуетін ел ішінде және шетелде дәстүрлі және цифрлық арналар арқылы ілгерілету;
- Kazakhstan.travel бірыңғай туристік порталын дамыту;
- Көрмелер, роуд-шоулар және ақпараттық турлар ұйымдастыру;
- Қазақстанда MICE іс-шараларын өткізуге тарту.