Миссия:
- Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету, шетелдік инвестицияларды экономиканың басым секторларына тарту және инвестициялық жобаларды жан-жақты қолдау.
Компанияның көзқарасы:
- Орталық Азия өңірінде, ТМД елдерінде және өтпелі экономикалы бірқатар мемлекеттердің арасында шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жетекші агенттікке айналу.
Инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс атқарады, оған инвестициялық преференциялар түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті түрлі рұқсаттарды алуға жәрдемдесу кіреді.
Өз жұмысында KAZAKH INVEST инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын мониторингтеу және бақылау үшін арнайы CRM-жүйесін пайдаланады, бұл жүйе инвесторларға сұраулар мен бастамалар жіберуге мүмкіндік береді және инвестициялау кезеңдерінің барлық процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Инвесторларға арналған тәулік бойы 24/7 режимінде «жедел жәрдем» қағидаты бойынша сервистік қолдау көрсететін жедел желі бар.
2021 жылдың соңына қарай KAZAKH INVEST қолдауымен:
- Шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны шамамен 3,8 млрд АҚШ долларын құрайтын 57 инвестициялық жоба іске қосылып, 7,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды;
- Халықаралық стандарттарға сәйкес жалпы құны 22,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 197 инвестициялық ұсыныс дайындалды;
- Құны шамамен 4,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 66 жобаны іске асыру үшін жаңа инвесторлар тартылды.