Қаржыландыру бағдарламалары:
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы
“Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы аясында” республикалық бюджет қаражаты есебінен өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасы отандық өндірушілерді үлестік және қарыздық қаржыландыру арқылы қолдау мақсатында өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілеріне арналған.
- Іске асыру кезеңі: 2032 жылға дейін;
- Инвестициялар сомасы: 1,0 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін (қолжетімділік болған жағдайда);
- Қаржыландыру мерзімі: 3 жылдан 10 жылға дейін;
- Сыйақы мөлшерлемесі: жылына 8 (сегіз) пайыз.
Инвестициялау құралдары:
- Үлестік қаржыландыру;
- Мезониндік қаржыландыру.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Бағдарлама агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаны іске асыруды және жұмыс орындарын құруды жоспарлаған кәсіпкерлік субъектілеріне арналған.
- Іске асыру кезеңі: 2031 жылғы қазанға дейін;
- Инвестициялар сомасы: 1,0 млрд теңгеден 8 млрд теңгеге дейін (қолжетімділік болған жағдайда);
- Қаржыландыру мерзімі: 7 (жеті) жылға дейін;
- Сыйақы мөлшерлемесі: жылына 12 (он екі) пайызға дейін, капитализациясыз.
Инвестициялау құралдары:
- Үлестік қаржыландыру (акциялар/акционерлік/жарғылық капиталдағы үлестерді сатып алу арқылы);
- Мезониндік қаржыландыру.