Артықшылықтары:

  • сотталғандарды ең төменгі еңбекақы мөлшерімен жұмысқа тарту мүмкіндігіне байланысты экономикалық тиімділік;
  • өндірістік үй-жайлардың, жұмыс істеп тұрған цехтардың болуы;
  • жалдау ақының болмауы;
  • нысандардың күзетпен қамтамасыз етілуі және дабылқаққыны немесе күзет қызметкерлерін орнату қажеттілігінің болмауы;
  • жұмысшылардың тұрақты түрде шығарылуын қамтамасыз ету, жұмыстан себепсіз кету, жұмыстан қалу, кешігу және басқа да жағдайлардың болмауы;
  • кәсіпкерге қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, бос тұрған үй-жайларды өз бетінше таңдау мүмкіндігі;
  • дайын инфрақұрылымның болуы;
  • білікті персоналды іріктеу үшін жұмыспен қамту органдарына жүгінудің қажеті жоқ, мекеме әкімшілігі мен қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары сотталған мамандардың есебін жүргізеді және бұл ақпарат кәсіпкерге ұсынылуы мүмкін.

Шарттар қызмет түріне және шағын және орта бизнес субъектілерінің қызығушылықтарына байланысты жасалады (сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – СБШ) үй-жайларды жалдау ақысынсыз беруді көздейді. Осы ретте қолданыстағы заңнамаға сәйкес, СБШ жасаған жағдайда таза кірістің (пайданың) кемінде 50 % төленеді.

Коммуналдық қызметтер үшін төлем мемлекеттік мекеме тарифтері бойынша нақты тұтынылған коммуналдық қызметтер көлеміне және алынған аумаққа байланысты жүргізіледі (электр энергиясы – 1 кВт үшін 24,61 теңге (есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша), жылу энергиясы – 1 Гкал үшін 24 221,11 теңге (алынған шаршы алаңға сәйкес). Тарифтер бұл хабарландыру жарияланған уақыттағы, 2024 жылдың ақпан айына сәйкес көрсетілген.

Осыған байланысты қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарындағы бос өндірістік аумақтарда өз өндірісіңізді ашуды ұсынамыз.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ның РММ «№28 мекеме» балансында тіркелген бос өндірістік алаңдар туралы ақпарат

Филиал атауыБос алаңЕңбекке қабілетті тұлғалар саны
№ 28 мекеме (Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Ақтөбинская көш., 291)131,8 ш.м.430
ЖАЛПЫ:131,8 ш.м.430

Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша РММ «№28 мекемесіне»
27-61-38; 27-61-67 телефондары арқылы немесе Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне 8-(7112)-26-56-18 (ішкі 15); мобильді: 8-702-741-80-49 телефондары арқылы хабарласуыңызға болады. Байланыс тұлғасы: Ибраева Жадыра Мендибековна, Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы.