Қызметкерлер арасында жоспарлы оқыту іс-шарасы және түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ қызметкерлері арасында жоспарлы оқыту іс-шарасы және түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға және 2024 жылғы 1 мамырдағы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында,
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық және мәдениет қағидалары, мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері бойынша,
- «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-да ISO 37001 халықаралық стандартын енгізуге байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ішкі рәсімдерімен таныстыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсаттар, құжатталған ақпаратты басқару, жоспарлау, іс жүргізу, 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бағдарламасына сәйкес контекст.