Ашық тендердің қорытындысы бойынша хаттама

жұмыстарды сатып алу

«Орал қ., Уральск-Атырау және Уральск-Саратов трассалары аралығындағы шағын ауданға 9 қабатты 180 пәтерлі тұрғын үй құрылысы. №27 учаске (сыртқы инженерлік желілер мен абаттандырусыз)»

Орал қ., Чагано-Набережная к-сі, 84


(2-қабат)

 

«СПК «Орал» АҚ

«11» маусым 2019 жыл


10:00 Уральск қаласы уақыты бойынша

1. «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұйымдастырған «Орал қ., Уральск-Атырау және Уральск-Саратов трассалары аралығындағы шағын ауданға 9 қабатты 180 пәтерлі тұрғын үй құрылысы. №27 учаске (сыртқы инженерлік желілер мен абаттандырусыз)» жұмыстарын сатып алу бойынша тендер комиссиясының құрамына кіргендер:

  1. Комиссия төрағасы – Доскалиев Артур Муханович – «СПК «Орал» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
  2. Комиссия төрағасының орынбасары – Нусенов Куандық Серикович – «СПК «Орал» АҚ әкімшілік-құқықтық жұмыстары бойынша басқарушы директор;

Комиссия мүшелері:

  1. Жомартова Айнагуль Жортабаевна – «СПК «Орал» АҚ бас есепшісі;
  2. Дюсенғалиев Артур Ирбулатович – ЗКО кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бөлімінің сарапшысы;
  3. Хайрлиев Асылхан Жанболатұлы – «СПК «Орал» АҚ құрылыс департаментінің директоры;
  4. Иманова Айслу Кабашевна – «СПК «Орал» АҚ әкімшілік-құқықтық жұмысы департаментінің бас менеджері.

Комиссия хатшысы – Оспанов Руслан Нурланович – «СПК «Орал» АҚ әкімшілік-құқықтық жұмысы департаментінің бас менеджері.

Ашық дауыс беру арқылы комиссия тендердің қорытындыларын шығарады:

2. Жұмыстарды орындауға бөлінген сома: 1 550 938 900 (бір миллиард бес жүз елу миллион тоғыз жүз отыз сегіз мың тоғыз жүз) теңге, ҚҚС-сыз.

3. Тендерге қатысу үшін соңғы тіркеу мерзімінен бұрын өтініш берген қатысушылар:

  1. «Алтим» ЖШС, өтініш беру күні мен уақыты: 30.05.2019, 10:08 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша);
  2. «Болашақ-Т» ЖШС, өтініш беру күні мен уақыты: 30.05.2019, 10:17 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).

4. Тендер өтінішінің мазмұны барлық қатысушыларға жарияланды.

5. Құжат талаптарына сәйкес келмейтін потенциалды жеткізушінің өтініші:

— «Болашақ-Т» ЖШС тендер құжаттамасының 8 және 11-баптарына сәйкес талаптарға сәйкес келмейді (жеткіліксіз құжаттар).

6. Құжат талаптарына сәйкес келетін потенциалды жеткізушінің өтініші:

— «Алтим» ЖШС.

7. Потенциалды қатысушылардың ұсынылған бағалары:

Тендердің атауыПотенциалды қатысушыларБағасы, ҚҚС-сыз, теңге
«Орал қ., Уральск-Атырау және Уральск-Саратов трассалары аралығындағы шағын ауданға 9 қабатты 180 пәтерлі тұрғын үй құрылысы. №27 учаске (сыртқы инженерлік желілер мен абаттандырусыз)»«Алтим» ЖШС1 548 500 000 (бір миллиард бес жүз қырық сегіз миллион бес жүз мың)
«Болашақ-Т» ЖШС1 550 938 900 (бір миллиард бес жүз елу миллион тоғыз жүз отыз сегіз мың тоғыз жүз)

8. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша тендер комиссиясы:

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1) Тендер құжаттамасының 50-бабының 2-тармақшасына сәйкес «Орал қ., Уральск-Атырау және Уральск-Саратов трассалары аралығындағы шағын ауданға 9 қабатты 180 пәтерлі тұрғын үй құрылысы. №27 учаске (сыртқы инженерлік желілер мен абаттандырусыз)» тендерін өтпеген деп тану;

2) «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ осы хаттаманың мәтінін порталға орналастыру.