«Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212 57-2-бабына сәйкес Республикалық маңызы бар А-31 «Подстепное–Федоровка – РФ шекарасы» автомобиль жолындағы «Индустриялық аймаққа» баратын кірме жолдардың құрылысы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өткізілетінін хабарлайды. Қоғамдық тыңдау 2020 жылдың 14 қаңтарында, сағат 15:00-де Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі 18 мекенжайында өтеді.

Қатысушыларды тіркеу қоғамдық тыңдау өтетін күні, сағат 14:30-дан бастап белгіленген орында жүргізіледі.

Тыңдауға қатысуға мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары қоғамдық тыңдау күніне кемінде үш жұмыс күні қалғанда мына мекенжайға қабылданады: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Чагано-Набережная көшесі 84, тел.: 8 (7112) 24-59-47, e-mail: spk-oral@mail.ru.

Жоба бойынша құжаттама http://bko.gov.kz/ сайтындағы «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде орналастырылған.

Қоғам өкілдері жобаның материалдарымен қағаз түрінде мына мекенжайда таныса алады: Орал қаласы, Чагано-Набережная көшесі 84, тел.: 8 (7112) 24-59-47.

Тапсырыс беруші: «СПК «Орал» АҚ, мекенжайы: Орал қ., Чагано-Набережная көшесі 84, тел.: 8 (7112) 24-59-47.