Бағаны тұрақтандыру мақсатында айналым схемасы тетігі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу туралы хабарландыру:
- Макарон өнімдерін (ассортимент бойынша) 1 килограмын 290 теңгеден аспайтын бағамен (Орал қаласына жеткізумен/қоймаға қойылуымен қоса) 200 тонна көлемінде сатып алу;
- Қантты 1 килограмын 460 теңгеден аспайтын бағамен (Орал қаласына жеткізумен/қоймаға қойылуымен қоса) 1 891,3 тонна көлемінде сатып алу;
- Сүтті, 2,5% майлылық, жұмсақ қаптамада, 1 литрін 324 теңгеден аспайтын бағамен (Орал қаласына жеткізумен/қоймаға қойылуымен қоса) 10 тонна көлемінде сатып алу;
- Айранды, 2,5% майлылық, жұмсақ қаптамада, 1 литрін 314 теңгеден аспайтын бағамен (Орал қаласына жеткізумен/қоймаға қойылуымен қоса) 10 тонна көлемінде сатып алу;
- Творогты, 9,0% майлылық, 1 килограмын 1 750 теңгеден аспайтын бағамен (Орал қаласына жеткізумен/қоймаға қойылуымен қоса) 10 тонна көлемінде сатып алу;
- Сары майды, тұздалмаған, 72,5% майлылық, 1 килограмын 3 621 теңге бағамен (Орал қаласына жеткізумен/қоймаға қойылуымен қоса) 10 тонна көлемінде сатып алу.
Жеткізушіге қойылатын негізгі талаптар:
- Өндіруші, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе көтерме жеткізуші (дистрибьютор) болуы тиіс;
- Жеткізушінің дайын сауда-логистикалық инфрақұрылымы (қойма үй-жайлары) болуы;
- Тауар ГОСТ талаптарына сәйкес болуы.
Жеткізу шарттары:
Тауарды жеткізу мерзімі – Шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде.
Тауарға кепілдік мерзімі — Тауар жеткізілген күннен бастап кемінде 12 (он екі) ай.
Бағалар сатып алу қорытындылары шыққанға дейін қатысушылар үшін сақталуы тиіс.
Коммерциялық ұсыныстарды 2023 жылғы 29 қыркүйекке дейін электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: info@aqjaiyq-spk.kz.