БҚО Стабилизациялық қорын қалыптастыру үшін Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын Форвардтық қаржыландыру аясында сатып алу туралы хабарландыру:

  1. Картопты 1 килограмын 160 теңгеден аспайтын бағамен (Орал қаласына жеткізумен/қоймаға қойылуымен қоса) 1440 тонна көлемінде сатып алу;
  2. Пиязды 1 килограмын 150 теңгеден аспайтын бағамен (Орал қаласына жеткізумен/қоймаға қойылуымен қоса) 1250 тонна көлемінде сатып алу;
  3. Сәбізді 1 килограмын 160 теңге бағамен (Орал қаласына жеткізумен/қоймаға қойылуымен қоса) 263 тонна көлемінде сатып алу.

Жеткізушіге қойылатын негізгі талаптар:

  • Өндіруші, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе көтерме жеткізуші (дистрибьютор) болуы тиіс;
  • Жеткізушінің дайын сауда-логистикалық инфрақұрылымы (қойма үй-жайлары) болуы;
  • Тауар ГОСТ талаптарына сәйкес болуы.

Жеткізу шарттары:

Тауарды жеткізу мерзімі – Шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде.

Тауарға кепілдік мерзімі – Тауар жеткізілген күннен бастап кемінде 12 (он екі) ай.

Сатып алуға қатысушылар үшін бағалар – сатып алу қорытындылары шыққанға дейін сақталуы тиіс.

Коммерциялық ұсыныстарды 2023 жылғы 05 қыркүйекке дейін электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: info@aqjaiyq-spk.kz.