Бөрлі, Бөкей ордасы, Жәнібек, Сырым, Шыңғырлау, Казталов, Жаңақала және Бәйтерек аудандарының кәсіпкерлеріне пайызсыз қарыз беру бойынша шарттар жасалды.
Келісімшарттық міндеттемелер аясында СПК қызметкерлері бағаларды келісімшарт талаптарына сәйкестігін, тауардың сөредегі бар-жоғын және басқа көрсеткіштерді бақылауды жүргізеді. Мониторинг нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталып, ескертулер берілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу және сауда үстемесін 15%-дан аспау керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.