ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау, сондай-ақ ISO 37001:2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелері», СТ РК ISO 37001-2017 «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйелері», СТ РК 3049-2017 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу және оның жұмыс істеуі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ISO халықаралық стандарты мен СТ РК ұлттық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізудің мақсаты: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің теріс әсерін азайту, бизнес-процестерді оңтайландыру, атқарылатын жұмыстардың сапасын арттырудағы ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұтынушылардың қанағаттанушылығын көтеру, экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, сондай-ақ заңнамалық және өзге де талаптарды орындау.