Үміткерлер: агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

Мақсатты арналуы: Қуаттылығы 400 бастан бастап жаңа немесе жұмыс істеп тұрған сүт-тауар фермаларын (СТФ) құру немесе кеңейту

Кепілдік қамтамасыз ету: жылжымайтын және жылжымалы мүлік

Несиелендіру шарттары:

Несие валютасытеңге
Несие мерзімі10 (Он) жылға дейін
Несиенің ең жоғары сомасы5 (Бес) миллиард теңгеден аспайды
Сыйақының номиналды мөлшерлемесіжылдық 2,5 (Екі жарым) пайыздан аспайды
Негізгі қарызды өтеутең үлестермен,
жылына кемінде 1 рет
Несие сыйақысын төлеужылына кемінде 1 рет
Өтеудің жеңілдікті кезеңі:
негізгі қарыз бойынша24 айға дейін
несие сыйақысы бойынша12 айға дейін

Потенциалды жобалар мен қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын импортты алмастыруды ескере отырып, салалық мақсатқа сәйкестік;
  • аймақ халқын сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету;
  • уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (Бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • 90 (Тоқсан) күннен аса мерзімі өткен кредиттік және лизингтік міндеттемелердің болмауы;
  • жобадағы жеке қатысу;
  • өтімді кепілдік мүлкінің болуы;
  • берік жем-шөп базасын қалыптастыру үшін қажетті ауыл шаруашылығы жерлерінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техника паркін материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы.

Ескерту: Жобалар 2023 жылғы 31 тамыздағы №322 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес АӨК саласындағы жобаларды іріктеу жөніндегі комиссиямен таңдалады.