Құжаттарды қабылдау кезеңі: 2024 жылдың 05 маусымынан 05 шілдесіне дейін

Үміткерлер: агроөнеркәсіптік кешен саласында қызмет жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

Мақсатты арналымы — жаңа нысандар ашу немесе әрекеттегі нысандарды кеңейту:

  1. 400 бастан бастап сиыр сауатын-тауарлы фермалар (СТФ);
  2. көкөніс қоймалары (1000 тоннадан бастап);
  3. су үнемдеу технологияларын (жаңбырлатып суару, тамшылатып суару) қолдана отырып, суармалы егіншілік (картоп және көкөніс, мал азығын өндіру)

Кепілдік қамтамасыз ету: жылжымайтын және жылжымалы мүлік

Несиелендіру шарттары:

Несие валютасытеңге
Несие мерзімі10 (Он) жылға дейін
Несиенің максималды сомасы5 (Бес) миллиард теңгеден аспайды
Сыйақының номиналды мөлшерлемесіжылдық 2,5% (Екі жарым пайыздан) аспайды
Негізгі қарызды өтеутең үлестермен,
жылына кемінде 1 рет
Несие бойынша сыйақыны төлеужылына кемінде 1 рет
Жеңілдікті кезең:
негізгі қарыз бойынша24 айға дейін
несие сыйақысы бойынша12 айға дейін

Потенциалды жобалар мен қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын импортты алмастыруды ескере отырып, салалық негізділік;
  • аймақ тұрғындарын сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету;
  • уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (Бес) жыл тәжірибенің болуы;
  • кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша 90 (Тоқсан) күннен аса кешіктірілген берешектің болмауы;
  • берік жемшөп базасын қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының жеткілікті көлемінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техника паркінің материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуы.