БҚО индустриялық аймағы — «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы
2020 жылы БҚО-да жалпы ауданы 281 га индустриялық аймақ құрылды.
Бүгінгі күні іске асыру сатысында 4 жоба бар. Жобаларға бөлінген алаң – 72 га құрайды.
Толығырақ
Индустриялық аймаққа қалай қатысуға болады?
01. Өтінім беру
Толығырақ
- «Еуразия» ТСО индустриялық аймағының басқарушы компаниясынан («Aqjaiyq» ӘКК) құжаттар тізбесін алу қажет.
- Басқарушы компанияға құжаттарды жіберу (тізім бойынша).
- Басқарушы компания құжаттарды (3 (үш) жұмыс күні ішінде) қарайды.
- Басқарушы компания құжаттарды (тізім бойынша) БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық–инновациялық даму басқармасына жібереді.
02. Комиссия
Толығырақ
- БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық–инновациялық даму басқармасы құжаттарды (тізім бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде) тексереді.
- Инвестор инвестициялық жобаны БҚО Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында таныстырады.
03. Шарт
Толығырақ
- Өңірлік-үйлестіру кеңесінің хаттамасын (мақұлдауын) алғаннан кейін «Aqjaiyq» ӘКК АҚ жер учаскесін ресімдеуге кіріседі.
- Қатысушы БҚО Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімінен кейін (10 (он) жұмыс күні ішінде) қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа «Еуразия «ТСО» индустриялық аймағының басқарушы компаниясымен («Aqjaiyq» ӘКК) қол қояды.
- Қатысушы «Еуразия» ТСО» индустриялық аймағының («Aqjaiyq» ӘКК) басқарушы компаниясымен ИА аумағындағы (жер учаскесі ресімделгеннен кейін) мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін қайталама жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартына қол қояды.