+7 7112 24-59-47

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

Бос дүңгіршектер мекен-жайы:

Солтүстік-Шығыс 2 ш/а, 41 үй

«Dala Fruit.kz» ЖШС базасында Сайрам ауданына қарасты «Егiстен сөреге дейiн» жобасы аясында ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң нарығын кеңейту бойынша республикалық семинар-кеңес өттi.  Оған Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан Республикасы сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ салалық бағыт, қаржы институттарының, ірі сауда желілерінің басшылары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өңіріміздің кәсіпкерлері қатысты. Жиынның мақсаты – ауыл шаруашылығын дамыту, аграрлық сектор субъектілері мен агробизнес өкілдеріне қолдау көрсету, жаңа тәсілдер мен технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Еске салайық, ел Президентінің тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында «Егiстен сөреге дейiн» пилоттық жобасы кеңінен жүзеге асырылуда.
Семинар-кеңеске қатысушылар Түркістан облысы диқандары мен диқандарының жетістіктері мен тәжірибесін жоғары бағалады.  Сонымен қатар, жақында ғана құрылған экобазардың өнімі делдалсыз, тікелей шаруалардан ұсынылып отырғаны саланың дамуына оң әсерін тигізетіні айтылды.

111111111

2222222222

333333333

444444444

5555555

666666666

777777777

888888888

9999999999999

10

2022 жылғы 14 сәуірдегі БҚО тұрақтандыру қорының ӘМАТ баға тізімі:

Күнбағыс майы - 650 тг. Өндіруші – «Пойма май комбинаты» ЖШС, БҚО

Картоп - 240 тг. Өндіруші – «Мусаева Д.Р.» ЖК, БҚО, Бәйтерек ауданы, Мичурино ауылы

Сәбіз - 195 тг. Өндіруші –«Мусаева Д.Р.» ЖК, БҚО, Бәйтерек ауданы, Мичурино ауылы

Қырыққабат - 275 тг. Өндіруші –«Мусаева Д.Р.» ЖК, БҚО, Бәйтерек ауданы, Мичурино ауылы

Сүт 3,2% - 192 тг. Өндіруші – «Саяхат» ЖК, БҚО.

iopiopjk

iopiop

index

456456478

123123123

5675684

123123

Бүгін Орал қаласының жаңа халықаралық әуежайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2019 жылдың маусымында басталған жаңа әуежайдың құрылысы биылғы жылдың наурыз айында аяқталды.

Әуежайдың құрылысы КПО б.в. компаниясының қатысуымен және қаржыландыруымен жүргізілді.  Құрылыс-монтаж жұмыстарына қазақстандық компаниялар «KazConstructionGroup», «Инфратэк» ЖШС, «Стеклосервис» ЖШС және т.б.  үлес қосты. Әуежайды абаттандыру мен көгалдандыруға белгілі оралдық бағбан-селекционер, «С.Исаев атындағы халықаралық тәжірибелік-эксперименттік коллекциялық бақ-бақ-бақшасының» иесі – Қайрат Кәрімов өз үлесін қосты.  Әуежай қабырғаларын әсем қаламыздың суретімен безендіріп, суретші Жәрдемов Нұртай да өз үлесін тигізді.

Жолаушылар терминалының ауданы 10 мың шаршы метрді құрайды. Әуежай соңғы технологиядағы жаңа жабдықтармен жабдықталған, бұл әуежай қызметкерлеріне, сондай-ақ келушілер мен жолаушылар жұмысын жеңілдетеді.

Орал әуежайынан 7 сәуірден бастап тұрақты рейстер аймақтық және халықаралық бағыттарға рейстерді орындалады.

Ашылу салтанатында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Орал қаласының тұрғындары мен қонақтарын Мәншүк Мәметова атындағы жаңа әуежайдың ашылуымен құттықтап, сонымен қатар «KazConstructionGroup» құрылыс компанияларының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Әуежайдың ашылуына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев, КПО б.в. бас директоры Джанкарло Рую де қатысты.

INSTAGRAM

«Aqjaiyq» ӘКК»АҚ «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) жасыл қаржы орталығымен бірлесіп ынтымақтастық туралы, сондай-ақ бірлескен жобалық кеңсе құру туралы Меморандумға қол қойды.

Жобалық кеңсенің миссиясы - «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында іске асырылатын тұрақты қаржы құралдарын енгізу арқылы Батыс Қазақстан облысының жасыл және әлеуметтік инвестициялық жобаларын іске асыру.

Жобалық кеңсенің негізгі міндеттері: Жобалар пулын қалыптастыру, жобаларды қалыптастырп және инвестициялар тарту.

Ынтымақтастықтың әлеуетті пайдасы жергілікті бюджетке түсетін жүктемені оңтайландырудан, сондай-ақ инновациялық құралдарды қолданудан тұрады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — әлемнің экономикалық картасында Нью-Йорк пен Лондоннан Дубайға, Гонконг пен Сингапурға дейінгі озық қаржы орталықтарының үздік тәжірибесі мен қазіргі заманғы мүмкіндіктерін біріктіретін бірегей орталық.

AIFC.jpg

 

2 наурыз күні «Aqjaiyq» ӘКК басқарма төрағасы Нәдір Құрымбаев ZOOM платформасында БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп өз ісін ашқысы немесе жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейткісі келетін жастармен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында ӘКК басшысы конференцияға қатысушылармен әңгімелесті, "Aqjaiyq" ӘКК тарапынан кәсіпкерлерді қолдау құралдары туралы айтты, алдағы уақытқа жоспарланған жаңа жобаларды таныстырды, кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына жауап берді.

2021 03 03

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен жер телімдері мәселелері бойынша кеңес өтті.

2021 02 27


Жобаларды іске асыру үшін инвесторларға жер беру туралы «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Надир Курумбаев айтып берді:
- «Aqjaiyq» ӘКК арнайы тетігі арқылы инвестор жер учаскесін аукционға және конкурсқа қатыспай-ақ ала алады, оны әлеуметтік, коммерциялық, өнеркәсіптік және өндірістік, ауыл шаруашылығы объектілеріне жалға беру аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін кадастрлық құны бойынша сатып ала алады.Қолданыстағы тетіктің арқасында 25-тен астам инвестор жер телімдерін алды, онда 2000 жұмыс орнын құра отырып, 82 млрд теңге сомасына 28 инвестициялық жоба іске асырылады. «Ақжайық» тұрғын ауданының құрылысы үшін жер учаскелері де осы тетік шеңберінде беріледі. Бүгінгі таңда БҚО және басқа облыстардан 9 құрылыс компаниясынан өтінімдер келіп түсті. 2 жергілікті компаниямен шарттар жасалды: «Каз-Хол» ЖШС және «Болашақ-Т» ЖШС.

Кәсіпкерлерге шағын учаскелерді ұсыну үшін «Көше саудасына арналған 100 орын» бағдарламасы жұмыс істейді. Жер учаскелері gosreestr.kz порталында электрондық сауда-саттық өткізу арқылы бөлінеді, бұл адам факторының араласуын болдырмайды және өткізілген сауда-саттықтың ашықтығын қамтамасыз етеді.

– Бүгінгі таңда 5 онлайн аукцион өткізіліп, 43 жер учаскесі сатылды. Жоба аясында 12 кәсіпорын мен 70 жұмыс орны құрылды. 2021 жылы осы бағдарлама бойынша 50 жер телімін іске асыру, 10 жаңа кәсіпорын және 100 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, – деп атап өтті Надир Құрымбаев.

Әлеуметтік-экономикалық даму, өңірдің инвестициялық әлеуеті, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы нысандары туралы барлық ақпаратты инвесторлар http://invest07.gov.kz порталынан, сондай-ақ, «Aqjaiyq» ӘКК инвесторларға қызмет көрсету орталығынан ала алады, ол бүгінгі таңда 600 млрд теңгеден астам сомаға 60-тан астам инвестициялық жобаларды сүйемелдейді.

Өткен аптада біз Қазақстанның он әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының онлайн-кездесуіне қатыстық.

2021 02 24

Тәжірибе алмасу мақсатында бүгін «Aqjaiyq» ӘКК басқарма төрағасы Надир Курумбаев «Алматы» ӘКК басқарма төрағасы Асқар Білісбековпен кездесті.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
- инвестицияларды тарту тетіктері
- өнеркәсіптік парктерді дамыту;
- тұрақтандыру қорын басқару;
- шағын және орта бизнесті қолдау.

Бұл кездесу екі корпорацияның жұмысына және өңірлердің инвестициялық ахуалын жақсартуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Алдағы кездесулер мен ынтымақтастыққа үміттенеміз.

19.02.2021.jpeg

 

© 2010 - 2021 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84