«WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумы
- Толығырақ
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Орал қаласында, «Атамекен» өнер орталығында Ресей Федерациясының шекаралас облыстары, мемлекеттік органдар, әлеуетті шетелдік инвесторлар мен даму институттары, Батыс Қазақстан облысының бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің қатысуымен «WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Шараның мақсаты – өңірдің инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктерімен таныстыру, жаңа өндірістерді оқшаулау, инвестициялық жобалармен таныстыру, сауда-экономикалық байланыстарды орнату, тәжірибемен алмасу және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту. Форум аясында облысымыздың және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылып, онда тауар өндірушілердің өнімдерімен танысуға болады. Сондай-ақ мұнай-газ секторына, агроөнеркәсіптік кешенге және ІТ-технологияларға инвестиция тарту бойынша панельдік сессиялар өтеді. Форумнын сайты https://westkazinvest-2022.kz
"Ел-Ырысы" мини-маркеті
- Толығырақ
8 сәуірге бос бір дүңгіршек бар
"AQJAIYQ"ӘКК" АҚ тауарлық интервенцияны жүзеге асыруда
- Толығырақ
2022 жылғы 14 сәуірдегі БҚО тұрақтандыру қорының ӘМАТ баға тізімі:
Күнбағыс майы - 650 тг.
Өндіруші – «Пойма май комбинаты» ЖШС, БҚО
Картоп - 240 тг.
Өндіруші – «Мусаева Д.Р.» ЖК, БҚО, Бәйтерек ауданы, Мичурино ауылы
Сәбіз - 195 тг.
Өндіруші –«Мусаева Д.Р.» ЖК, БҚО, Бәйтерек ауданы, Мичурино ауылы
Қырыққабат - 275 тг.
Өндіруші –«Мусаева Д.Р.» ЖК, БҚО, Бәйтерек ауданы, Мичурино ауылы
Сүт 3,2% - 192 тг.
Өндіруші – «Саяхат» ЖК, БҚО.
Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайының ашылуы
- Толығырақ
Бүгін Орал қаласының жаңа халықаралық әуежайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2019 жылдың маусымында басталған жаңа әуежайдың құрылысы биылғы жылдың наурыз айында аяқталды.
Әуежайдың құрылысы КПО б.в. компаниясының қатысуымен және қаржыландыруымен жүргізілді. Құрылыс-монтаж жұмыстарына қазақстандық компаниялар «KazConstructionGroup», «Инфратэк» ЖШС, «Стеклосервис» ЖШС және т.б. үлес қосты. Әуежайды абаттандыру мен көгалдандыруға белгілі оралдық бағбан-селекционер, «С.Исаев атындағы халықаралық тәжірибелік-эксперименттік коллекциялық бақ-бақ-бақшасының» иесі – Қайрат Кәрімов өз үлесін қосты. Әуежай қабырғаларын әсем қаламыздың суретімен безендіріп, суретші Жәрдемов Нұртай да өз үлесін тигізді.
Жолаушылар терминалының ауданы 10 мың шаршы метрді құрайды. Әуежай соңғы технологиядағы жаңа жабдықтармен жабдықталған, бұл әуежай қызметкерлеріне, сондай-ақ келушілер мен жолаушылар жұмысын жеңілдетеді.
Орал әуежайынан 7 сәуірден бастап тұрақты рейстер аймақтық және халықаралық бағыттарға рейстерді орындалады.
Ашылу салтанатында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Орал қаласының тұрғындары мен қонақтарын Мәншүк Мәметова атындағы жаңа әуежайдың ашылуымен құттықтап, сонымен қатар «KazConstructionGroup» құрылыс компанияларының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
Әуежайдың ашылуына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев, КПО б.в. бас директоры Джанкарло Рую де қатысты.