+7 7112 93-37-68

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру бағдарламасы шеңберінде құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады

Үміткерлер: агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

Нысаналы мақсаты: қуаты 400 бастан басталатын жаңа сүт-тауар фермаларын (МТФ) құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту

Кепілмен қамтамасыз ету: жылжымайтын және жылжымалы мүлік

Несиелеу шарттары:

Несие валютасы теңге
Несие мерзімі 10 (он) жылға дейін
Несиенің максималды сомасы 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды
Негізгі қарызды өтеу

тең үлестермен,

жылына кемінде 1 рет

Несие бойынша сыйақы төлеу жылына кемінде 1 рет
Өтеу бойынша жеңілдікті кезең:  
негізгі борыш 24 айға дейін
несие бойынша сыйақылар 12 айға дейін

Әлеуетті жобалар мен қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортты алмастыруын ескере отырып, салалық орындылығы;
  • өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету;
  • уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен артық болмауы;
  • жобаға өзінің қаржылай қатысуы;
  • өтімді кепілмен қамтамасыз ету;
  • берік жемшөп базасын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы.

Ескерту: Жобалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №322 бұйрығы негізінде құрылған АӨК саласындағы жобаларды іріктеуге арналған комиссия шешімімен таңдалынып алынады.

© 2010 - 2022 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84