«Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ келесі бос лауазымға конкурстық іріктеу жариялайды:
Біліктілік талаптары: жоғары заң, экономика/қаржы білімі (қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит) және шағын мен орта бизнесті несиелендіру саласындағы қаржы ұйымдарында/екінші деңгейлі банктерде мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі.
Талаптар:
«Ауыл аманаты» жобаларын несиелендіру басқармасының менеджері тиіс:
Дағдылар:
1) компьютерлік техниканы және коммуникациялардың технологиялық құралдарын, презентациялар жасау және редакциялау бағдарламасын, графикалық бағдарламаларды меңгеруге;
2) іскерлік қарым-қатынас этикасын, корпоративтік киім нысаны қағидаларын сақтауға міндетті;
3) заңды және жеке тұлғалармен келіссөздер жүргізу, іскерлік байланыстар орнату дағдыларына ие болуға.
Кәсіби қасиеттері:
Қарым-қатынаста ашықтық, зейінділік, мақсаткерлік, құрылымдық және аналитикалық ойлау, байқағыштық, бастамашылдық, жақсы есте сақтау қабілеті.
Егер сіз біздің командамызда жұмыс істеуге дайын болсаңыз, түйіндемеңізді 2025 жылғы 30 қазаннан кешіктірмей келесі электрондық поштаға жіберіңіз: