AO “QAZAQSTAN INVESTMENT CORPORATION” — бұл ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған қор. Біздің қызметіміз тікелей инвестициялар инфрақұрылымын құруға, экономиканың басым салаларына шетелдік инвестицияларды тартуға, озық халықаралық тәжірибені пайдалануға және тікелей инвестициялар саласында инновациялық білім мен технологияларды трансферлеуге бағытталған.
QІС серіктестерінің қатарында Еуропалық Реконструкция және Даму Банкі (ЕРДБ), Халықаралық Қаржы Корпорациясы (ХҚК), СІТІС Group, Азиялық Даму Банкі (АДБ), Еуразиялық Даму Банкі (ЕБР), Жапонияның Даму Банкі, Қазақстанның Даму Банкі, Macquarie Group, халықаралық инвестициялық компания Mubadala, Голландияның Даму Қоры, Абу-Дабидің Даму Холдингі және басқа да инвесторлар бар.