Исатай-Махамбета, 84
ДҮ-ЖҰ: 09:00-18: 30
СЕ-ЖЕ: демалыс
en ru kz

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды

09 сентября 2024

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды

«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерді қаржыландыру бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Өтінім беру: кәсіпкерлік субъектісінің қарыз алуға өтінімін «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ-ға жібереді. Өтінімдер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес БҚО азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия айқындайды;

Мерзім, % мөлшерлеме: шарт жасалған сәттен бастап 12 айға, жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, қарыз мерзімі келісілген өтеу кестесі аясында негізгі борыш пен сыйақы бойынша бекітіледі.

Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл (жылжымайтын мүлік), банк кепілдігі, сақтандыру шарты түрінде беріледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді

Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (өлшемдер):

1) кәсіпкерлік субъектілерінде азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымның (қойма құрылыстары, арнайы жабдығы бар үй-жайлар және басқалар) болуы;

2) банк өнімдері (кредиттер, лизингтер, есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету бойынша берешек) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

3) мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз өнім берушілер тізімінде болмауы және мамандандырылған ұйымалдында орындалмаған және (немесе) уақтылы орындалмаған міндеттемелерінің болмауы;

4) өтінім мамандандырылған ұйым арқылы қабылданып, барлық несие тарихы мен қойылатын кепілге талдау жасалып, оң шешімін тапқаннан кейін Комиссияға қарауға енгізу ұсынылсын.

Қаржыландыруға қалай өтініш беруге болады:

Өтінім беру үшін сізге «Аqjaiyq «ӘКК» АҚ-ға құжаттар пакетімен жүгіну қажет, ол мыналарды қамтиды:

1) қаржыландыруға өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (https://egov.kz) немесе талон-ЖК жүзеге асыру туралы хабарлама;

3)ЖШС (ЖК) директоры жеке куәлігінің көшірмесі;

4) ЖШС Жарғысы, құрылтайшының қарыз алу туралы шешімі, директорды тағайындау туралы бұйрығы;

5) құрылтайшылардың, ЖШС, ЖК директорының соттылығының болуы (болмауы) туралы анықтама;

6) мемлекеттік кірістер органдарында берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (салық, https://egov.kz));

7) қосымшаға сәйкес «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нен ақпарат беруге келісім;

8) «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нің ЖШС, (ЖК) кредиттік тарихы туралы есебі;

9) кепіл мүлкін бағалау туралы есеп;

10) жылжымайтын кепіл мүлкіне құқық белгілейтін құжаттар (техникалық паспорт, сатып алу-сату, сыйға тарту шарттары және т.б., жер учаскесінің акты, объектіні пайдалануға беру актісі және т. б.);

11) жылжымайтын кепіл мүлкіне ауыртпалықтың (кепілде болу, тиым салу) жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (https://egov.kz);

12) жұбайының жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға Нотариаттық келісімі (егер мүлік бірлескен меншік болып табылса);

13) қарыз қаражатын есептеу үшін банктік шоттың деректемелері;

14) Баланс, пайда мен шығын туралы есеп, 2022, 2023 және 2024 жылдың өткен кезеңі үшін ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп.

Толық ақпарат алу үшін «Aqjaiyq «ӘКК» АҚ-ға Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі 84, 2-қабат мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

Тел. +7 (7112) 93 37 68

E-mail: info@aqjaiyq-spk.kz