Исатай-Махамбета, 84
ДҮ-ЖҰ: 09:00-18: 30
СЕ-ЖЕ: демалыс
en ru kz

«Ел ырысы» негізіндегі ORC жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу туралы

09 сентября 2024

«Ел ырысы» негізіндегі ORC жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу туралы

Акционерлік қоғам «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Орал» серіктес инвестормен бірге «Ел-Ырысы» базарының аумағында «Көтерме-тарату орталығын құру» жобасын сенімді басқаруға беру және оны кейіннен сатып алу құқығымен жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асыру
«Ел Ырысы» базарының аумағында көтерме-тарату орталығын құру

Сенімді басқаруға беру мерзімі 5 (бес) жыл, кейіннен сатып алу құқығымен, аванстық төлемді мүлік кешенінің бағалау құнының 20%-ын қамтамасыз ету арқылы. Қалған 80%-ы жыл сайынғы 5% мөлшеріндегі сыйақымен 5 (бес) жыл ішінде төленеді. Кешеннің нарықтық бағасы – 376,5 млн теңге.

Әлеуетті инвестордың міндеттері:

«Ел Ырысы» базарының аумағында көтерме-тарату орталығын құруды қамтамасыз ету, соның ішінде:

  • Кешенді күтіп ұстау инвестор есебінен жүргізіледі. Инвестор коммуналдық (электр энергиясы, жылу жүйесі, сумен жабдықтау және т.б.), сондай-ақ, сенімді басқаруға берілген мүлікпен байланысты СПК басқа да міндетті төлемдерді (салық, жер салығы және т.б.) ҚР заңнамасына сәйкес өз уақытында төлеп тұрады.
  • Көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға арналған әртүрлі камералар мен температуралық режимдерге ие заманауи қойма құру, қуаты кемінде 3 мың тонна.
  • Көкөніс пен жемістерді сұрыптау, жуу, тазалау, орау.
  • Жүктеу платформалары мен контейнер алаңдарын құру.
  • Технологиялық процесте заманауи жабдықтарды қолдану.
  • Инфрақұрылымды сақтау.
  • Аумақты көркейту.
  • Көтерме-тарату орталығының аумағында кіру жолдары мен жүк түсіру орындарын асфальттау, ірі жүк көліктеріне арналған тұрақпен қамтамасыз ету.
  • Көтерме-тарату орталығының аумағындағы қолданыстағы әкімшілік ғимараттарға косметикалық жөндеу жасау.
  • Халыққа өнімді ұсақ көтерме немесе бөлшек саудамен сату үшін сауда орындарын құруды қарастыру.
  • Ауылшаруашылық өнім өндірушілеріне көтерме-тарату орталығының жалпы пайдалы алаңының кемінде 30%-ын жеңілдетілген тарифтер бойынша нарықтағы ұқсас қызметтердің орташа бағасынан 30%-ға төмен бағада басымдықпен қамтамасыз ету. Орташа нарықтық баға ай сайын арнайы құрылған комиссия (қоғамдық ұйымдар, «Атамекен» ҰКП және т.б. қатысуымен) талдау нәтижелері бойынша анықталады, кемінде Орал қаласының 3 негізгі нарықтарына талдау жүргізу арқылы.

«СПК Орал» АҚ міндеттері:

  • Тауар интервенциясы кезінде тұрақты қордың тауарларын көтерме-тарату орталығы аумағында сату;
  • Тұрақты қор тауарларын сақтау қажет болған жағдайда, қойма ғимараттарын бірінші кезекте пайдалану мүмкіндігін қарастыру;
  • Баға тұрақтандыру механизмі аясында бөлінген қаражаттарды алу субъектісі ретінде көтерме-тарату орталығын қарастыру.

Орал қаласы әкімдігінің қолдауы:

Базар жанында аялдамамен қалалық және аудандық бағыттарды ұйымдастыру (автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасымен бірлесіп).

Толық ақпарат үшін «СПК Орал» АҚ-ға келесі мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Орал қ., Чагано-Набережная көшесі 84, 2 қабат.

тел. +7 (7112) 24-59-47

e-mail: spk-oral@mail.ru

info@oral-spk.kz