Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212 Экологиялық кодексінің 57-2-бабына сәйкес «Орал» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «Республикалық маңызы бар А-31 «Подстепное-Федоровка – РФ шекарасы» Индустриалды аймаққа кіреберіс жолдарды салу» бойынша қоғамдық тыңдауларды ашық жиналыс нысанында өткізетіні туралы хабарлайды. Тыңдаулар 2020 жылғы 14 қаңтарда сағат 15:00-де Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында, Юбилейная көшесі, 18 мекенжайы бойынша өтеді.
Қатысушыларды тіркеу белгіленген орында қоғамдық тыңдау өткізілетін күні сағат 14:30-да басталады.
Мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Чагано-Набережная көшесі, 84 мекенжайына жіберілуі керек. Телефон: 8 (7112) 245947, электронды пошта: spk-oral@mail.ru
Жоба бойынша құжаттар «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде http://bko.gov.kz/ сайтында орналастырылған.
Жұртшылық өкілдері жобаның қағаз түріндегі материалдарымен Орал қаласы, Чагано-Набережная көшесі, 84 мекенжайында таныса алады. Телефон: 8 (7112) 245947.
Тапсырыс беруші: «Орал» ӘКК» АҚ, Орал қаласы, Чагано-Набережная көшесі, 84, телефон: 8 (7112) 245947.