Исатай-Махамбета, 84
ДҮ-ЖҰ: 09:00-18: 30
СЕ-ЖЕ: демалыс
en ru kz

Біздің аймақ туралы

Біздің аймақ туралы

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан және республиканың орталық, оңтүстік облыстарына және Орта Азия елдеріне енгізетін қақпа болып табылады.

Облыс территориясы 151,3 мың шаршы шақырымға тең.

Ресей Федерациясының Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Қазақстанның Ақтөбе және Атырау облыстарымен шектесіп жатыр,  олармен теміржол желілері, автомобиль, су және әуе көлік жолдары арқылы байланысады.

01. Жер бедері

Аймақтың рельефі жазық. Облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығысында Жалпы Сырт сілемі және Предураль платосы бар. Оңтүстігінде  Прикаспий ойпаңы шегінде Нарынқұм құмдары орналасқан: Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм және басқалары. Климаты шұғыл континенталды.

02. Гидрография

Облыс аумағы бойынша облыстағы басты су артериясы болып табылатын Жайық өзені ағып жатыр. Басқа да ірі өзендер бар: Сарыөзен, Қараөзен, Қалдығайты, Өлеңті, Бұлдырты, Шыңғырлау. Ірі көлдер: Шалқар, Аралсор, Боткөл, Жалтыркөл, Сұлукөл және тағы басқа.

03. Топырақ

Топырақ күңгірт-сарғылт, салғырт,  ашық сарғылт, сортаңды болып келеді. Дәнді-әр түрлі шөпті, дәнді-жусанды, жусанды-бидайықты өсімдіктер басым.

Орал өңірі пайдалы кендерге бай болып келеді, оның ішінде басымдысы мұнай мен газ, бұл ретте Қарашығанақ кеніші әлемдегі ең бай кеніштердің бірі болып саналады.

Облыс орталығы Орал қаласында орналасқан.

Әкімшілік-территориялық бөлінуі

Облыс халқының саны 2024 жыл қортындысы бойынша 695 301 адамды құрады, оның ішінде қалалық жерлерде 367 199
адам, ауылдық жерлерде – 328 102 адам.

Халықтың тығыздығы облыс бойынша орта есеппен (аумақтың 1 шаршы метріне) 4,36 адамды құрайды.

Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік, тарихи және мәдени орталығы.

Қала 1613 жылы құрылды және Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінде орналасқан. Жайық өзені орта, ағысының оң жағалауында, өзеннің Қазақстан Республикасының аумағындағы ұзындығы – 1082 км. Және Шаған өзені төменгі ағысының сол жағалауында.

Қала маңын есептегенде қала территориясы 731,33 км2.

Тұрғындар саны – 367 199 адам.

Қала аумағында 4 селолық округтер бар: Желаев, Зачаган, Круглоозерный және Деркөл кентінде жалпы тұрғындар саны 101 758 адам.

Орал қаласынан Нұр-Султан қаласына дейнгі арақашықтьқ – 1747 км.

АО «СПК «Aqjaiyq»

Аймақтың әкімшілік-территориялық құрылымына 12 аудан жатады:

Ақжайық ауданы – Чапаев ауылы

Казталов ауданы - Казталовка ауылы

Бөкей ордасы ауданы - Сайхин ауылы

Қаратөбе ауданы - Қаратөбе ауылы

Бөрлі ауданы - Ақсай қаласы

Сырым ауданы – Жымпиев ауылы

Жаңақала ауданы - Жаңақала ауылы

Тасқала ауданы - Тасқала ауылы

Жәнібек ауданы - Жәнібек ауылы

Теректі ауданы - Федоровка ауылы

Бәйтерек ауданы - Переметное ауылы

Шыңғырлау ауданы - Шыңғырлау ауылы

Қаланың көрікті жерлері

Оралдың бейнесі бірегей және қайталанбас, әсіресе өзінің XVIII – XIX ғасырлардағы тарихи ескерткіштерімен ерекшеленеді: Е. Пугачев үйі, Ескі собор, Храмом Христа Спасителя, атамандардың үйі, Карев үйі, облыстық әкімдік ғимараты, қалалық мәдением және демалыс саяжайы. Қаланы заманауи ететін жаңа шағын аудандар мен зәулім тұрғын үйлер, аэро- және темір жол вокзалдарының ғимараттары, Абай, С. Датов, М. Мәметова, И. Чапаев, А.С. Пушкинге арналған ескерткіштер, мәңгілік алауы бар Жеңіс Мемориалы және тағы да басқалары.

Тұрмыс деңгейі

АО «СПК «Aqjaiyq»

2024 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы 202 356 теңгені құрады.
Номиналды жалақы индексі 2023 жылдың тиісті тоқсанына 112,7%, нақты – 104,3% құрады.