+7 7112 93-37-68

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, шағын бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жарақтандыруға, "Жасыл белдеу" және "Сүт белдеуі" жобаларына бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасы іске асырылуда. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 6,4 млрд. теңге бөлінді. "Ауыл аманаты" жобасы ауыл тұрғындарына 5-7 жыл мерзімге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.

"Біздің облыс бойынша барлығы 1106 өтінім келіп түсті, оның ішінде жалпы сомасы 1 млрд. 852 млн. теңгеге 272 өтінім мақұлданды. Қалған өтінімдер әзірге қаралуда. Ақжайық, Теректі, Сырым, Казталов және Бәйтерек аудандары тұрғындарының белсенділігін атап өту керек. Бұл бағдарлама - өсімдік пен мал шаруашылығынан басқа да ауыл шаруашылығы техникасына сервистік қызмет көрсету, жартылай фабрикаттар өндіру, тігін цехы сияқты басқа да бағыттарды дамытуға жақсы мүмкіндік", - деді "Aqjaiyq" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Бақдәулет Ибраимов.

Алғаш болып жеңілдікпен несие алып, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсібін ашқан Теректі ауданының тұрғыны Саржан Ибатов өз жоспарымен бөлісті. Осы бағдарламаның аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау үшін арнайы құрылғы сатып алған. Қазір пластиктен жасалған бұйымдар, макулатура және басқа да тұрмыстық қалдықтарды жинап, Орал қаласына апарып тапсырады. Сондай-ақ, малдың жүнін өңдеп, көрпе-жастық тігу кәсібін бастады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтардан келіп түскен өтінімдердегі жалпы қаражат сомасының облысқа берілген 6,4 млрд. теңгелік лимиттен асып кетуіне байланысты қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Барлық өтінімдерді қарап, нәтижесін шығару ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

© 2010 - 2022 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84