+7 7112 24-59-47

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Барлық байланыс

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

2019 жылғы 12 қыркүйекте «Орал» ӘКК» АҚ-да Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельманмен және Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігі Елшілігінің экономикалық және сауда кеңесшісі Айжан Мұсақановамен кездесулер өтті.

Қонақтар «Орал» ӘКК, «бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға қызмет көрсетуші  фронт-офистің жұмыс істеуі туралы хабардар болды.

Инвестиция қажет ететін өңірдің инвестициялық жобалары көрсетілді.

Израиль тарапы АӨК саласындағы жобаларға, жылыжайлар құрылысына, мелиорация мен жемшөп өндірісіне, сондай-ақ сандық технологияларды енгізуге қызығушылық білдірді.

Жергілікті машина жасау және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындардың бельгиялық әріптестермен инвестициялар мен заманауи технологияларды тарту бойынша өзара іс-қимыл мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, жергілікті шаруа және фермер қожалықтарын жоғары ет сипаттамаларымен ерекшеленетін «бельгиялық көгілдір ірі қара мал тұқымымен» таныстыру мүмкіндігі ұсынылды.

 12.09 1 min     

 12.09 2 min     12.09 4 min          

© 2010 - 2020 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84