+7 7112 24-59-47

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

28.09.2019

 

2019 жылдың сәуір айында ҚР Кәсіпкерлік кодексіне өзгертулер енгізіліп, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, оның аймақтық өкілдіктері, сондай-ақ инвестиция тарту бойынша өңірлік ұйымдары инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет етеді. Бұдан бөлек, 13 тамыз күні ҚР Үкіметі инвесторлар үшін «бір терезе» ұйымдастыру ережелерін және инвестицияларды тарту кезінде әріптестік тәртібін бекітті. Батыс Қазақстан облысы – еліміздегі «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялар тарту және инвесторларды ілестіру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесу ережелері қабылданған алғашқы аймақ. Осы ережелерге сәйкес, инвестицияларды тарту бойынша аймақтық ұйым «Орал» ӘКК» АҚ болып анықталды.

Осыған байланысты, KAZAKH INVEST ағымдағы жылдың 28-29 тамыз айында Орал қаласында «Бір терезе» бойынша инвестициялық қызметті ұйымдастыру және қолдау» атты оқу тренгін өткізді. Аталған тренингтің басты мақсаты – «бір терезе» қызметін ұйымдастыруға қатысты мамандарды оқыту, инвесторлармен жұмыс істейтің және инвестиция тартуға жауапты мемлекеттік мекемелер және ұйымдардың өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру. Шара Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары үшін ұйымдастырылған.

Іс-шара жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдар, KAZAKH INVEST-тің аймақтық өкілдері, АХҚО-ның мамандары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Атырау» ӘКК, «Орал» ӘКК, «Ақтөбе» ӘКК, «Морпорт Ақтау» АЭА қызметкерлері және т.б.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев инвестиция тартудың өңірлер үшін және жалпы ел үшін маңыздылығын атап өтті. Әкім өз сөзінде KAZAKH INVEST ұйымдастырған оқыту мемлекеттік органдар мен даму институттары арасындағы аймақаралық өзара әрекеттестікке, «бір терезе» бойынша инвестициялық қызметті ұйымдастыруды және қолдауды жетілдіруге арналған алаң болып табылатындығын атап өтті.

KAZAKH INVEST Төрағасының орынбасары Біржан Қанешев орталық және аймақтық деңгейдегі инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ «бір терезе» негізінде инвестициялар тартуға және инвесторлармен жұмыс істеуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру шаралары туралы хабарлады.

«Әрбір облыс орталығында «бір терезе» қағида бойынша инвесторларға барлық қажетті қызметтерді ұсынатын, ақпараттан бастап инвестициялық жобаны толық қолдауға дейін қызмет көрсететін фронт-офистер ашылады. Орталық деңгейде бұл KAZAKH INVEST», - деді Біржан Канешев.

Тренинг 13 тақырыптық сессия форматында өтті. Өзінің баяндамасында KAZAKH INVEST сервистік қолдау департаментінің жобалық менеджері Әйгерім Қойлақова инвесторларға «бір терезеге» байланысты соңғы заңнамалық өзгерістер, құрылатын фронт-офистердің үш деңгейлі жүйесі, олардың функциялары мен өзара әрекеттестігі, сондай-ақ олар көрсететін қызметтер, рәсімдер туралы айтты. KAZAKH INVEST өкілдері сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен құрылған жұмыс тобының аясында инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Тренингке қатысушылар өңірлерде «бір терезе» құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Сонымен, KAZAKH INVEST компаниясының Ақтөбе облысындағы өкілі процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуіне арналған әзірленген ережелер, «Ақтөбе» ӘКК »АҚ инвестицияларды тарту жөніндегі аймақтық ұйым ретіндегі анықтау туралы айтты. Сонымен қатар, іс-шарада инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау, инвестициялық келісім-шарт жасасу, инвесторларды құқықтық қорғау, кедендік және салықтық мәселелер, АЭА мен ИА қызметі, АХҚО қолдау құралдары, исламдық қаржыландыру, виза және көші-қон мәселелері,техникалық реттеу және стандарттау мәселелері сияқты өзекті тақырыптар қаралды.

ҚР ИИДМ Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары Асқат Пшенбаев өз сөзінде жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы айтты. Қазақстан Республикасы БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самат тренинг қатысушыларына Агенттіктің инвестициялық қызметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау бойынша атқарып жатқан жұмыстары және осы уақытқа дейін қол жеткізілген нәтижелер туралы хабарлады.

Сондай-ақ, тренинг барысында шығындарды өтеу және экспортты қолдау, мемлекеттік қолдау және МЖӘ схемасы бойынша инвестицияларды тарту шаралары, ауылшаруашылық инвестициялық жобаларды қолдау құралдары қарастырылды. Айта кету керек, тренинг интерактивті форматта өттіп, әр сессияның барысында қатысушылар инвесторлармен жұмыс барысында туындаған (инвестициялық преференциялар туралы өтініш, заттай мемлекеттік грант, жер учаскесін рәсімдеу және т.б.) өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып,й қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, тренинг барысында топтық жұмыс ұйымдастырылып, қатысушылар іс жүзінде Қазақстандағы инвестициялық қызмет барысында кәсіпкерлерде туындайтын симуляцияланған мәселелерді шешті.

Сонымен қатар, тренинг аясында делегация Орал трансформатор зауыты - Alageum Electric компаниясына барды. Өндірістің басқарушы директоры Ақжол Сауранбаев делегация мүшелеріне зауыттың тарихы, сондай-ақ одан әрі дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Қазіргі уақытта компанияда 300 қызметкер жұмыс істейді, жақын арада радиатор шығару бойынша цехы ашылады деп күтілуде.

Анықтама: «Alageum Electric» - Қазақстандағы ірі электроэнергетикалық компания, оның құрамына электр энергиясы, электр машина жасау және құрылыс саласында сәтті жұмыс істейтін 30-дан астам ірі кәсіпорындар мен зауыттар кіреді.

© 2010 - 2021 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84