+7 7112 24-59-47

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

2017 жылғы 10 қарашада Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 мекен-жайында орналасқан «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ атынан «Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылындағы Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу және сервистік қызмет көрсету» жобасы бойынша жеке әріптестерді айқындау конкурсын жариялайды.

 МЖӘ жобасының объекті: Тасқала ауданы Тасқала ауылындағы Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға сай келетін барлық әлеуетті жеке әріптестер жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 9.00-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.30-ге дейін Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі 72, №209 кабинет, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мекен-жайында алуға болады.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакеті тегін беріледі.
Жеке әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, №209 кабинет «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады.

Біліктілік талаптарына сай жеке әріптестің әлеуеті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 2017 жылдың 11 желтоқсаны, жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2017 жылдың 11 желтоқсаны, жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін.

Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, 209-кабинет мекен-жайы бойынша 2017 жылғы 11 желтоқсаны жергілікті уақыт бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.

Анықтамалық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ 8 (7112) 260478 телефоны бойынша алуға болады.

© 2010 - 2021 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84