Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру идеясы мен бастамасын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы 1 наурызда «Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында көтеріп, оны Мемлекет Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдаған болатын.
«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 «Каспий», «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және қызметтерін қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлығымен құрылған болатын.
«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ қызметінің негізгі нысаны мемлекеттік және жеке секторлардың күш-қуаттарын біріктіру арқылы Батыс Қазақстан облысы экономикасының өркендеуіне септігін тигізу болып табылады.
БҚО жақсарту үшін біздің мақсаттарымыз
Қызмет Корпоративтік басқарудың транспарантты жүйесі қағидатына, жинақтылық қағидатына – экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларын теңгерімді қолдаумен және басымдық қағидатына негізделеді, бұл өңірдің әлеуметтік-маңызды мәселелерінің шешімдері көрсетілетін жобаларға артықшылық беруді білдіреді.
"Aqjaiyq" ӘКК АҚ құру мақсатына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге негізделеді:
ҚР Үкіметі жанындағы ӘКК мәселелері жөніндегі Мамандандырылған кеңес ұсынбалары негізінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспарларының, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі өңірлік даму стратегияларының тармақтарын ескере отырып, Компанияның көздеген мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;
Өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу;
Мемлекеттік және жеке серіктестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірісті өркендету;
Инвестицияларды тарту және инновацияларды енгізу үшін қолайлы ортаны қалыптастыру;
Бизнес-жобаларды, соның ішінде концессиялар мен кластерлік бастама негізінде жүзеге асыру;
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін институттық жағдайларды туғызу;
Мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы жұмылдыру арқылы өңірлерді екпінді дамытуды қамтамасыз ету;
Өңірлердің ішкі және сыртқы нарықтардағы экономикалық имиджін көтермелеу;
Кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу арқылы шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру;
Бизнес-жобалар қорын қалыптастыру, оларды қаржыландыру және жүзеге асыру үшін жағдайлар туғызу.