«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ 2019 жылдан бастап Орал қаласында «Ауыл аманаты» шағын маркеттері» бағдарламасын іске асыруда.
Жобаның мақсаты отандық өндірушілердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сондай-ақ тұрақтандыру қорының тауарлары сатылатын сауда орындарын құру болды.
Шарттар:
БҚО-ның кез келген тауар өндірушісі жалға алушы бола алады.
Осы дүңгіршекте «Ауыл аманаты» Шағын маркеттері» бағдарламасының шарттары бойынша кәсіпкер өз өнімдерінен басқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын нарықтан 10% - ға төмен, сондай-ақ тұрақтандыру қорының тауарларын сатуы тиіс.