Исатай-Махамбета, 84
ДҮ-ЖҰ: 09:00-18: 30
СЕ-ЖЕ: демалыс
en ru kz

Бизнесті қолдау құралдары

«QAZINDUSTRY» ҚАЗАҚСТАН ӨНДІРІС ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ

Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау шаралары:

  • Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу – қолдау 40%, бірақ күнтізбелік жылда 30 млн.теңгеден аспайды;
  • Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша шығындарды өтеу – қолдау 40%, бірақ күнтізбелік жылда 60 млн.теңгеден аспайды;
  • Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу – күнтізбелік жылда 40 %, бірақ 60 млн теңгеден аспайтын қолдау;
  • Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу 40%, бірақ күнтізбелік жылда 60 млн теңгеден аспайды.

Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу
Қазақстан аумағында қолдануға жарамды жалпы танылған халықаралық стандарттарға сәйкес отандық өңделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растауға жұмсалған шығындарды өтеу.Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларды жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу:

  • Тауарларды шетелде жарнамалауға байланысты шығындар;
  • Шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдерге тікелей қатысу шығындары;
  • Шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеуге, шет тілдеріне аударуға және басып шығаруға байланысты шығындар;
  • Шетелде өкілдік, бөлшек сауда нүктесі мен қойманы ұстауға арналған шығыстар;
  • Тауар белгілерін (брендтерді) шетелде тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығыстар;
  • Тауарларды шетелде сертификаттаумен байланысты рәсімдерді жүргізуге кеткен шығындар;
  • Жүктерді темір жол және/немесе автомобиль көлігімен (Қазақстан Республикасының шегінде) жеткізуге байланысты шығыстар.

Инновациялық гранттар:

  • Технологияларды коммерцияландыруға грант – қолдау 50%, бірақ 200 млн теңгеден аспайды;
  • Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға грант – лицензиялық келісім бойынша 70% және технологияның құрамдас бөлігі болып табылатын жабдықты сатып алуға 50% қолдау, 400 млн.теңгеден аспайды;
  • Салаларды технологиялық дамытуға арналған грант – лицензиялық келісім бойынша 70% және технологияның құрамдас бөлігі болып табылатын жабдықты сатып алуға 50% қолдау, 85% технологиялық құзыреттіліктерді жетілдіруге жұмсалатын шығындарға 500 млн.теңгеден аспайды.

www.kidi.gov.kz