Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 05 маусымнан 05 шілдеге дейін
Үміткерлер: агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар
Нысаналы мақсаты жаңаларын құру немесе немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту:
1. өнімділігі 400 және одан да көп мал болатын тауарлы сүт фермалары (МКФ);
2. көкөніс қоймалары (1000 тоннадан);
3. суды үнемдейтін заманауи технологияларды (жаңбырлатып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілік (картоп пен көкөніс, жем өндіру)
Кепілмен қамтамасыз ету: жылжымайтын және жылжымалы мүлік
Несиелеу шарттары:
Несие валютасы | теңге |
Несие мерзімі | 10 (он) жылға дейін |
Несиенің максималды сомасы | 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды |
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі | жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды |
Негізгі қарызды өтеу | тең үлестермен,
жылына кемінде 1 рет |
Несие бойынша сыйақы төлеу | жылына кемінде 1 рет |
Өтеу бойынша жеңілдікті кезең: | |
негізгі борыш | 24 айға дейін |
несие бойынша сыйақылар | 12 айға дейін |
Әлеуетті жобалар мен қатысушыларға қойылатын талаптар:
берік жемшөп базасын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы.