Исатай-Махамбета, 84
ДҮ-ЖҰ: 09:00-18: 30
СЕ-ЖЕ: демалыс
en ru kz
logo

«Астана» халықаралық қаржы орталығы — Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің экономикаларын байланыстыратын аймақтық бизнес және қаржы орталығы болып табылады.

АХҚО-ның міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының экономикасына инвестиция тартуды қамтамасыз ету үшін қаржылық қызметтер саласында тартымды инвестициялық орта құру;
  • Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялау;
  • Қазақстан Республикасында сақтандыру, банк қызметтері, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар, электрондық сауда және инновациялық жобалар нарығын дамыту;
  • Халықаралық ең жақсы тәжірибелер негізінде қаржылық және кәсіби қызметтерді дамыту;
  • Халықаралық қаржы орталығы ретінде танылу.

АХҚО-ның АКТІЛЕРІ

  • Англия мен Уэльстің құқық принциптері, нормалары және прецеденттеріне және әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген;
  • АХҚО органдары қабылдаған актілер АХҚО-да тіркелген компаниялар мен басқа да тиісті тұлғалар арасындағы корпоративтік, шарттық, еңбек және басқа да мәселелер бойынша туындайтын қатынастардың көпшілігін қамтиды. Қолдану саласы үнемі кеңейіп отырады.

Артықшылықтар мен жеңілдіктер:

  • Тәуелсіз сот жүйесі;
  • Әлемдік деңгейдегі реттеу стандарттары;
  • 2066 жылға дейінгі салықтық оңтайландыру;
  • Либералды визалық және еңбек режимі;
  • Дамыған қаржылық және бизнес инфрақұрылымы.