Исатай-Махамбета, 84
ДҮ-ЖҰ: 09:00-18: 30
СЕ-ЖЕ: демалыс
en ru kz
logo

Миссия:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына шетелдік инвестицияларды басым экономикалық салаларға тарту және инвестициялық жобаларды жан-жақты қолдау арқылы үлес қосу.

Компанияның мақсаты:

Орталық Азия аймағында, ТМД елдерінде және өтпелі экономикасы бар бірқатар елдерде шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жетекші агенттік болу.

Атқаратын рөлі:

Инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша «Бір терезе» рөлін атқарады, соның ішінде инвесторларға инвестициялық преференциялар түрінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті түрлі рұқсаттарды алу жөнінде көмек көрсету.
Өз жұмысында KAZAKH INVEST инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау және мониторинг жүргізу үшін арнайы СRМ жүйесін пайдаланады, бұл жүйе инвесторларға сұрау салу мен бастамаларды жолдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ инвестициялаудың барлық кезеңдеріндегі процестерді айқын етеді.
Инвесторлар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел жәрдем» қызметін ұсынатын байланыс орталығы болып табылады.

2021 жылдың соңына дейін KAZAKH INVEST қолдауымен:

  • Шетелдік инвесторлар қатысқан 57 инвестициялық жоба іске қосылды, жалпы сомасы шамамен 3,8 миллиард АҚШ долларын құрайды, 7,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды;
  • Халықаралық стандарттарға сәйкес 22,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 197 инвестициялық ұсыныс әзірленді;
  • 66 жобаны жүзеге асыру үшін жаңа инвесторлар тартылды, олардың жалпы сомасы шамамен 4,5 миллиард АҚШ долларын құрайды.